Құрметті оқырман және барша қала тұрғындары!

Жаңа жоба!!!

Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық əмбебап ғылыми кітапханасында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің "Тұлғатану" ғылыми-зерттеу орталығымен біріккен жоба – "Тағылым" танымдық интеллектуалды клубы ашылды.

Мақсаты – елдің алдында жоғын жоқтап, мұңын мұңдап жүрген, өнегелі тұлғалардың бойындағы білген-түйгендері мен барлық жақсы қасиеттерін жас ұрпақтың бойына дарытып, санасына сіңіру.

"Тағылым" танымдық интеллектуалды клубында Қазақстан Республикасының мəдениет жəне қоғам қайраткелері мен айтулы ғалымдарының дəрістерін тыңдауға баршаңызға үлкен мүмкіндік бар.

"Тағылым" танымдық интеллектуалды клубында дəрістер əр айдың соңғы аптасында бір рет кітапханада өтіп тұрады. Аталмыш клубқа кітапхана оқырмандары мен студент жастар, қала тұрғындары мүше бола алады.

"Тағылым" танымдық интеллектуалды клубы – Рухани әлемін молайта түскісі келетін әрбір жанды танымды тұлғалардың тағылымды дәрістерін тыңдауға шақырады!