Нұр-Сұлтан – Қазақстанның жаңғыруының символы, көпұлтты мемлекет пен ондағы ерік-жігердің символы. Бұл елдің қиын кезеңдерде жарқын болашаққа деген берік сеніммен батыл қадамдарды атқаруының жемісі. Бұл ұлттың сенімі мен үмітінің, еркіндік ала отырып болашақтағы жетістіктерге деген сенімнің символы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2019 жылдың 20 наурызында Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Нұр-Сұлтан - Азияның ең солтүстігінде орналасқан Елорда. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы халықаралық маңызы бар түрлі форумдар, конгрестер мен өзге де іс-шаралар өтетін Еуразия кеңістігінің орталығына айналды.

6 шілде еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласының туған күнін атап өтуді дәстүрге айналдырдық. Осы мереке қарсаңында кітапхананың оқу залдары бөлімінде "Нұр-Сұлтан - елдік пен еркіндіктің символы" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде қаланың тарихына, шаһардың тыныс- тіршілігіне, әсемделген ғимараттары бар мәдени ордалары мен спорттық кешендерінің фотосуреттері жарыққа шыққан материалдар қойылды.

Кітап көрмесіндегі "Астана" энциклопедиясы 2008 жылы Алматы "Атамұра" баспасында басылып көпшілік оқырманға ұсынылған болатын. Кітапта Нұр-Сұлтан қаласының табиғаты мен жер-су атаулары жайлы мәліметтер фотосуретттер арқылы көрсетілген.

Сәдібек Түгелдің авторлығымен 2014 жылы Фолиант баспасында жарыққа шыққан "Астана хикаялары" кітабы Нұр-Сұлтан қаласының туу тарихын баяндайтын Нұр-Сұлтан әлеміне ашылған кең терезе іспетті. Кітапқа қаланың хикаялары мен сұхбаттары, алғашқы астаналықтардың өмірбаяндары, жетістіктері және Нұр-Сұлтан туралы ой-пікірлері қарастырылған.

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің идеясымен іргесі қаланған жаңа Елорда қысқа мерзім ішінде жалпы ұлттық идея мәртебесіне ие болып, жас мемлекеттің тәуелсіздігінің символына және жаһандық табысына айналып отырғаны жайында 2017 жылы "Сарыарқа" баспасынан үш тілде жарыққа шыққан "Жан-жүрегім - Астана" кітабынан оқи аласыздар. Фотоальбом тақырыптарға талғаммен әрі мазмұндылығымен бөлінген. "Жан жүрегім - Астана" Елордамыздың өркендеуі - Қазақстанның өркендеуі деген ұғымды терең аша келіп, суреттерді алға тарта отырып, сол арқылы астанамыздың маңыздылығын, алатын орнын, мәртебесін айқындай түседі. Бұл кітап елорданың кешегі мен бүгіні және ертеңгі қадамы туралы әр түрлі фотосуреттер арқылы көпшілік оқырманға ұсынады.

Сондай-ақ, мерзімді басылым беттерінде жарық көрген елордамыздың жетістіктері мен тарихы жайындағы ақпараттар ұсынылды. Соның бірі "Астана" деген атаумен 2017 жылы жарыққа шыққан журналмен бірге Нұр-Сұлтан қаласына саяхат жасай аласыздар. Яғни, журналда қалада жаңадан орнатылған ескерткіштер мен зәулім сарайлардың тарихына терең бойлауға мүмкіндіктеріңіз мол.

2014 жылы Астана баспасынан "Тарих таңдаған Астана" кітабы жарық көрді. Жазушы, публицист, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алдан Смайылдың ежелгі Ақмола-Қараөткел өңірінің тарихын ұзақ уақыт зерттеудің нәтижесінде жазылған тарихи деректемелік туынды.

Ғасырлар құпиясына қанғыңыз келсе, Нұр-Сұлтанның бүгінгі тағылымынан яғни, кітап көрмесінен өзіңізге қажетті тарихи сәттерді, шексіз әсемдікке толы фотосуреттерін тамашалап, танысуға шақырамыз құрметті оқырман!

Оқу залдары бөлімі, кітапханашы

Мақпал Жанат

Ай кітабы