Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2018_opros_den_otkrytyh_dverey is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2018_opros_den_otkrytyh_dverey is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Қазан айында Ашық есік күні аясында кітапхана қызметкерлері стрит - мобы акциясын ұйымдастырды. Акцияда көпшілікке қойылған сұрақ: "Кітапханаға қалай өтуге болады?".

Кітапхана қызметкерлері 3 топқа бөлініп Кеншілер мәдениет сарайы, Орталық әмбебап дүкені және Гоголь көшесі бойында қала тұрғындарымен кездесіп, қаламыздағы кітапханалар туралы сұрақ қойып қайтты. Шараға қатысқандардың саны көз қуантып, көңіл марқайтты. Кездесуде қызметкерлерді тыңдаған 200-ге тарта тұрғындар белсенділік танытты. Қала тұрғындарының 140-тан астамы кітапханалардың қайда орналасқандары туралы дұрыс жауап берді. Н.В.Гоголь атындағы облыстық кітапхана, Абай атындағы облыстық балалар кітапханасы, Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы, М.Әуезов атындағы қалалық кітапханалары жайлы білетін болып шықты. Кітапхана туралы білмейтіндер және қызығушылықтары болмаған тұрғындар саны 43 болып табылса, 15 адам қала қонақтары болды (сондықтан да қызметкерлер сұрақтарына дұрыс жауап бере алмады). Қойылған сұраққа дұрыс жауап берген оқырман кітапхана сыйлығын алу мүмкіндігіне ие болды. Сыйлыққа 2018 жылы жарыққа шыққан қазақ және орыс тілдеріндегі кітаптар мен журналдар берілді.

{gallery}material/news/2018_opros_den_otkrytyh_dverey{/gallery}

Бұл акция кездескен тұрғындардың қызығушылықтарын оятты деуге әбден болады. Себебі, орта жастағы оқырман, жастар қауымы кітапханаға жиі келетіндерін, үнемі достары мен туысқандарына кітапхана туралы әңгіме айтып жүретіндер жеткізді. Кітап оқу адам дүниесін әрдайым жаңартып отыратын дүние. Кітапхана қызметкерлері тарапынан көпшілік оқырманға кітапханадағы қолжетімді тегін қызметтер мен кітапхана сайты, кітапханада өткізілетін іс-шаралар, клубтар жайында маңызды ақпараттар берілді.

Сонымен қатар, қызметкерлер тарапынан Қарағанды қаласының оқырмандарына арналған кітапханамызда өтетін дәстүрлі "Ашық есік күні" туралы да құлаққағыс жасалды. Қала тұрғындарына кітапхана сайты мен мекен-жайы, ұйымдастырылған шаралар туралы нақты жазылған жарнама үлгісіндегі таратпа қағаздар таратылды.

Алдағы уақытта жастарды және қала тұрғындарын кітапханаға тарту аясында түрлі акциялар ұйымдастырылып тұратын болады.

Құрметті оқырман! Сіздің де біздің кітапхананың белсенді оқырманы болуға мүмкіндігіңіз мол. Ендеше, кітапханамызбен дос болуға асығыңыздар!

 Оқу залдары, кітапханашы Тусупбаева М.

Ай кітабы