Нашақорлық – қоғам дерті. Ғасыр дертімен күресу керек. Жат қылықтарға әуес жасөспірімдердің жағдайы бүкіл адамзатты алаңдатады. Құмарлық және тәуелділік. Бұл мәселеге қалай шектеу қоюға болады? Жауап бар: жасөспірімдерді өз өмірлерін дұрыс басқаруға үйрету қажет, өмірлік қиын жағдаяттардан шығу жолын көрсету, зиянды әрекеттерден аулақ болуды насихаттау.

2018 жылдың 26 қыркүйегінде Қарағанды облыстық Н.В. Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырумен Қарағанды кәсіптік - техникалық колледж алаңында "Нашақорлыққа – жол жоқ!" атты жастар акциясы  өтті. Акция мақсаты - нашақорлық мәселесіне қоғамның назарын аудару, салауатты өмір салтын насихаттау, жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу шараларын айқындап  беру.

Аталмыш жастар акциясына қаламыздың колледж студенттері арнайы шақырылды. Акцияның өтуіне "Жас Отан", "Жігер" облыстық жастар бірлестігі, Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы, Қарағанды облыстық нашақорлық диспансері және "Ассорти"  әртістік - шеберлік тобы қолдау көрсетті.

Іс-шараны "Ассорти" шығармашылық  тобының бишілері ашты. Қатысушылар назарына "Нашақорлыққа – жол жоқ!" атты көрмедегі әдебиеттерге шолу ұсынылды. Шара барысында Көпсалалы гуманитарлық техникалық колледжі студенттері флеш-моб  ұйымдастырып, "Нашақорлыққа – жол жоқ!", "Біз салауатты өмір салтын сақтаймыз!"  деген үндеулер жолдады. Халықаралық бизнес академия колледжі студенті "Дальше от наркотиков" атты өлең оқыды. "Ассорти" тобының биші қыздары өтіп жатқан шараның шырайын келтірді. Кітапхана қызметкерлері "Әрбір кітап маңызды, әрбір кітап қажетті" және "Блиц - интеллект" атты сайыстар өткізді. Қойылған сұрақтарға балалар белсене жауап берді. Шара барысында нашақорлыққа қарсы күресті насихаттайтын түрлі басылымдар таратылды. Акция  соңында  қала жастары  көк аспанға шарларды ұшырды.

Ай кітабы