ҚР Мәдениет   және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен "Әдебиет" порталында онлайн түрде "Рух" халықаралық әдеби конкурсы өткізілді. Аталған конкурс мақсаты - ҚР Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында көтерілген мәселелерді жүзеге асыруға атсалысу, қазақ әдебиетін әлемдік деңгейде насихаттау, қазақстандық және шетелдік қаламгерлер арасында өзара байланыс орнату, ұлттық сананы жаңғыртудағы әдебиеттің ролін арттыру, жас ұрпақтың бойында төл әдебиетімізге деген қызығушылықты күшейту, ақын-жазушылардың қоғамдағы беделін арттырып, ұлттық сананы жаңғыртудағы қаламгерлердің рөлін нығайтуды жүзеге асыру абзал. Тұңғыш рет ұйымдастырылған байқау 8 номинация бойынша жүргізілді және оған Қазақстан мен  шет елдерден қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі алуан түрлі жанрдағы 1000- нан астам туынды келіп түскен және оның 899-ы байқау талаптарына сай келіп "Әдебиет" порталында жарияланған.

Байқаудың "Проза: роман, повесть" номинациясы бойынша: Бас жүлде – Т. Нұрмағанбетов "Рухтар жерден кетеді" романы; Ойы оралымды, тілі өткір қаламгер аталмыш туындыда бүгінгі қоғамның өзекті мәселелерін қозғап, адамгершілік тұғырынан түспеуді насихаттайды. Шығарма мемлекеттің жаны мен жүрегі – жер мен елдің мызғымас беріктігін баяндауымен құнды. 

1 орын – Ы. Дәбей "Жылқы атылған жаз" романы.

"Проза; әңгіме,эссе" номинациясы бойынша: Бас жүлде – Н. Дәутайұлы "Тағдыр" әңгімесі

1 орын – Ұ. Нұрғалым "Дайағашшы" эссесінде қаламгер шығармаларының бәрінде дерлік ұлттық болмыстың ұстынды сипаттарын сөз етеді. Бұл туындыда қазақы нақышқа қанық эссе, әңгіме және мақалалар топтастырылды.

"Поэзия; поэма" номинациясы бойынша: Бас жүлде – Б. Беделханұлы "Рух жыры" туындысы;

1 орын – Н. Айтұлы "Жаңғыру жыры" поэмасы.

"Поэзия; топтама өлеңдер" номинациясы бойынша: Бас жүлде – Ы. Ожайұлы "Құдайға қарайтындай қасқайып..." өлеңдер;

1 орын – Р. Хузахметова "Рубаи" өлеңдер топтамасы.

"Үздік драматургия" номинациясы бойынша: Бас жүлде – С. Асылбеков "Қазақша ашылып сайрау" пьесасы;

1 орын – А. Нұрғазы "Мен, мен ешкім де емеспін" пьесасы.

"Үздік әдеби сын" номинациясы бойынша: Бас жүлде – А. Кеңшілікұлы "Тұрақсыз әлемнің суреткері" мақаласы;   

1 орын – Б. Смадияр "Маркестің қара қолғабы" мақаласы.

"Поэзия (балаларға арналған өлеңдер)" номинациясы бойынша: Бас жүлде – С. Хасан "Қасиетті Қазақстан" топтамасы

1 орын – Қ. Елемес "Балапаным, аузыңды аш" өлеңдер топтамасы.

"Проза (балаларға арналған әңгімелер)" номинациясы бойынша: Бас жүлде – А. Алмаш "Құрбы қыздар құпиясы" роман-фэнтэзиі

1 орын – Л. Калаус "Зов Солнца" шығармасы танылды. Сіздерді осындай үздік шығармаларды оқуға шақырамыз!

                                                       Абонемент бөлімінің кітапханашысы Ү.Ә. Қараманова

Ай кітабы