2018 жылдың 4-қыркүйек күні мерзімді басылымдар, абонент және ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері жоспарға сәйкес  №92 мектеп-гимназияда ақпарат күнін өткізді. Мақсаты- ұстаздарды педагогика саласына арналған ғылыми-методикалық журналдар мазмұны мен әдістемелік кітаптармен таныстыру. Қоғамның өзгеруіне байланысты білім беру әдістері де, білім көлемі де үнемі өзгеріп отыратыны заңдылық.  Жаңа технологияларды сабақта қолданудың-тиімділігін  насихат-тайтын мерзімді басылымдар- әдістемелік журналдар. Келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскерлігі мен шығармашылығын еркін дамытуға  жол ашуы үшін  ұстаз әрқашан өз білімін шыңдап, дамытып отыруы тиіс.Бұл ретте мерзімді басылымдар көмекке келеді.

Екі тілде жарық көретін «Қазақ тарихы», «Жалпы тарих және құқықтану мектепте, колледжде және ЖОО-да», «Қазақстан тарихы», «История Казахстана», «Қазақ тілі мен әдебиеті»  «Русский язык в школах и вузах Казахстана» журналдары ,жаратылыстану бағыты бойынша «Математика және физика» , «Информатика  негіздері»,  «Биология Қазақстан мектебінде»,  «Биология және салауаттылық негізі», бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған  «Бастауыш мектеп» журналдарын-дағы әдістемелік баяндамалар мен сабақ жоспарларына ұстаздар  қызығу-шылық танытып, көптеген сұрақтар қойды.  Тәрбие процессіне арналған  «Тәрбие сағаты», «Мектептегі мерекелер: тәрбие жұмыстарының сценарийлері»,  «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар»  журналдарындағы тәрбие жұмыстарының үлгілері  сынып жетекшілерінің  назарынан тыс қалмады. Сондай- ақ ұлттық педагогика  тақырыбына арналған М.Қ. Жұбанованың «Ұлттық тәрбие тағылымы», А.Ж. Отарбайдың «Тәрбие жұмысының әдістемесі», көп томдық «Әлемдік педагогикалық ой-сана», «Рух» сериясымен шыққан  «Тұрақсыз әлемнің суреткері» атты әдістемелік кітаптарды да ұстаздар қауымы қызыға қарап шықты. Кездесу барысында ұстаздар тарпынан қойылған сұрақтарға  жауаптар беріліп, ақпараттық-библиографиялық  қамтамасыз ету бөлімі дайындаған «Қазақстан Республикасының 2019 жылы атап өтілетін және еске алатын күндер күнтізбесі» таныстырылды.

Соңында кітапхананың   жұмыс кестесі, көрсетілетін қызмет түрлері туралы  түсініктер беріліп, кітапхананың ресми сайтымен таныстырып өтті.

Мерзімді басылымдар секторы
Айтбаева К.Т. кітапханашы

Ай кітабы