Қазақстанның Ата заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі болып саналады екен.

Расында, бүкіл мемлекеттік құрылымды айғақтайтын, елдіктің бастауы болып табылатын құжат енді ғана 23 жасқа толып отыр. Десе де, осындай алмағайып заманда Қазақстанның Ата заңы уақыттың сынынан сүрінбей өтті, өзінің заман талабына лайықтығын жан-жақты дәлелдеді.

Міне, осы мереке қарсаңында кітапхананың оқу залдары бөлімінде «Ата Заң – ұлттың негізгі заңы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесі үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім ҚР Ата Заңының баптар мен тармақтары жайлы толықтай мәлімет беретін кітаптардан тұрса, екінші бөлімде ҚР Конституциясы туралы түсініктеме беретін кітаптары орналасты. Ал, үшінші бөлімді мерзімді басылым беттерінде заңның үстемдігін қамтамасыз ету жайында мақалалары қамтыды.

Сондай-ақ, кітап көрмесінен табылатын кітаптарды атап кетсек:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы Ғылыми-практикалық түсіндірме. Түсіндірмеде қолданыстағы заңнама және қазіргі заң ғылымы ескеріле отырып, Конституция Кіріспесінің, принциптерінің, ережелері мен нормаларының ғылыми-құқықтық мазмұны ашылған.
  • ҚР Конституциясы түсініктеме. Аталған еңбекте ҚР 1995 жылғы Конституциясына ғылыми құқықтық түсініктеме беріледі. Республиканың конституциялық және басқа да заң салалары мәселелеріне қызығушы көпшілік оқырманға арналады.
  • Мен Қазақстан Азаматымын. Қазақ еліне деген Өлеңдер мен тілектерді осы кітаптан оқи аласыздар.
  • Тәуелсіздік. Демократия. Гуманизм Бұл кітап екі тілде Конституциялық құрылымы мен мазмұны туралы мағлұмат береді.

Конституция тәуелсіз мемлекет ретінде дамуымызға даңғыл болып, елдің бетке алған бағдарының тұтастай бөлігін қамтып отыр. Дегенмен, қазіргі һәм өмір бойғы басты міндетіміз Қазақстан Тәуелсіздігінің тірегіне айналған Конституцияны қатаң ұстану. Яғни, басты талап – Ата Заңымыз, Конституцияны құрметтеп қорғау, ал, оның маңыздылығын жоғалтпай сақтау республикамыздың әрбір азаматының міндеті мен парызы болуы тиіс.

Құрметті, Тәуелсіз елдің оқырмандары, сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Біздің кітапханамыздың оқырманы болып, жаңа кітаптармен танысуға шақырамыз!

 Оқу залдары, кітапханашы - Тусупбаева М.

Ай кітабы