Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың болашақ ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік, - деген еді Ғабит Мүсірепов.

2018 жылдың 14 маусымы күні Қарағанды облыстық Н.В. Гоголь атындағы әмбебап ғылымы кітапханасының ұйымдастыруымен алтыншы мәрте өткізіліп отырған "Жазғы Оқу қаласы" жобасы жыл сайынғы жұмысын бастады. Кітап оқуға деген қоғамның қызығушылығын арттыратын бұл шара -  қала тұрғындары үшін кітап оқуға қолайлы мүмкіндік тудырды. Балалардың жаз мезгіліндегі бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында жұмыс істейтін болады.

Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана ұйымдастырып отырған бұл шара Әлиханов көшесі бойындағы білім басқармасына қарсы саябақта 23 тамызға дейін аптасына 2 рет сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 11.00-ден 16.00-ге дейін жұмыс жасайды.

Жылдан жылға бұл акцияның оқырмандары көбейіп, игі шараны асыға күтеді. Тұрақты оқырмандар да өз жылы лебіздерін келіп білдіріп жатты.

Оқырмандарға оқуды қолдауға арналған әр түрлі викториналар, бүлдіршіндерге арналған ойындар, оларға сыйлықтар үлестіріліп, ән де айтылып, балалармен флешмоб өткізілді.

Бұл жерде оқырман сұранымын қанағаттандыратын көркем әдебиеттер, әр жанры қамтыған қызықты кітаптарұсынылып, жаздың жайма шуағында кітапты ғимараттың ішінде емес, таза ауада оқығанды ұнататын жандар үшін жағдай жасалған.

Осындай игі шараны  қаламыздың  БАҚ өкілдері "5 арна", "24.kz" телеарнаcы түсіріп, рәсімнің басы-қасында болып, көрерменге жол тартуына өз үлестерін қосты.

Адам баласына бұйырған ең үлкен нығметтің бірі – уақыт. Әсіресе жаз мезгілінде бос уақыт көп! Бұл мезгіл - бағасын білгенге таптырмас мүмкіндік. Жылдың тоғыз айында мектеп пен университеттің оқуы бар десек, дәл осы жаз мезгілі әр жастың өзі үшін білім алатын кезеңі іспетті. Таным көкжиегін кеңейтіп, әлемді, айналада орын алып жатқан құбылыстарды жан-жақты білуге бар мүмкіндік бар. Және ол мүмкіндік Н.В.Гоголь атындағы кітапханада жасалған.

Оқырмандардың оқу мәдениетін дамыту үшін жасалып отырған бұл шара жалғасын таба бермек. Келіңіздер! Бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық!

     Мерзімді басылымдар секторы кітапханашы Күлмағамбетова Г.С.

Ай кітабы