Биылғы жыл "Достық=Дружба" республикалық журналына 15 жыл, "Отан тарихы" журналына 20 жыл және "Парасат"  журналына 60 жыл толып отыр.

Бұл басылым беттерінде Қазақстанда орын алып жатқан негізгі деген  қоғамдық, саяси, тарихи және мәдени жаңалықтармен оқып танысуға болады. Сонымен қатар, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы және демократиялық қоғамның қалыптасуы, өрлеу жолдарынан да  хабар алуға мүмкіндік мол.

Парасат журналы - 1958 жылдан бастап ай сайын шығатын қоғамдық - саяси, әдеби - көркем және суретті журнал. Бұрын "Мәдениет және тұрмыс" атауымен шыққан. Журнал бетінде саяси, тарихи, әдеби материалдар жарық көреді. 

Журналдағы тақырыптар бағытына келетін болсақ, әрбір санын бір тақырыпқа арнай отырып, сол тақырыпқа байланысты айдарлармен материалдар ұсынады.

Журналдың бір ерекшелігі – берілген материалдары сұхбат, тарих, проза, бүгінгі проза  түрінде берілуінде. Оқырмандарға ән, кино және шоу бизнес саласының жұлдыздарымен ғана таныстырып қоймай, саясат, қоғам қайраткерлерінің, аңыз адамдардың, тұлғалардың өмірлерінен де, поэзиядан да хабар береді. Осы ерекшелігімен ол сұранысқа ие, көптің көңілінен шығып келеді.

Кітапхананың қорында  2003 жылдан бері, бар.

"Отечественная история  = Отан тарихы" – ғылыми журнал. Валиханов атындағы тарих және этнология институтымен 1998 жылы қазақ, орыс, ағылшыны тілдерінде шығады. Жаңа ғылыми жұмыстар, отан және халықаралық археология, этнология тарих ғылымдары саласынан бастау алады. Деректік маңызы бар мақалалар, шығармалар, әлеуметтік құбылыстар бар жазбалар да жарияланады. Музей, тарихнама, ескерткіштану айдарлары да бар. Үш тілде жазылған журнал әр түрлі ұлт өкілдеріне өте ыңғайлы. Біздің кітапханамызда 2003 жылдан бері бар.]

Журнал Қазақстан тарих ғылымының әлемдік тарих ғылымы қауымдастықтарымен тығыз және өзара әрекеттесуінің былайғы алаңы ретінде жоспарланып, ғылыми ақпараттар алмасу арнасына айналды. Яғни ғалымдарға бұл басылым өз ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін жариялап, қазіргі байланыстың неғұрлым жаңа түрлері арқылы халықаралық ғылыми ортада танымал болуға кең мүмкіндіктер береді.

Бұл басылым Қазақстан, жалпы Орта Азия, Еуразия кеңістігі тарихы мәселелерімен айналысатын дүниежүзі ғалымдарына, сонымен бірге оқытушыларға, студенттерге, ғалымдарға ғылыми ізденістерінің нәтижесін жариялауға арналған.

Достық – Дружба - республикалық журнал. 2003 жылдан қазақ және орыс тілінде шығады. Журнал беттерінде Қазақстан халқының мәдениеті, салт-дәстүрлері және халықаралық келісім бойынша маңызды  материалдар жарияланып, ұлтаралық келісімді, қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға, этностардың тілін, салт-дәстүрлерін дамытуға, патриоттықты тәрбиелеуге үлкен көмек беретін басылым болып отыр!     

Білім іздеушілерге таптырмас ғылыми мақалалар мен экономика, философия, тарих, әлеуметтану, саясат және мәдениет салаларының өзекті зерттеу жұмыстарын жарыққа шығарып келеді. Маңызды, жан-жақты, дәлелді ақпараттарды қазақ тілінде, орыс тілінде жариялайды. Кітапхананың қорында 2005 жылдан бері бар.

Н.В. Гоголь атындағы ОӘҒК-ның қорындағы мерзімді басылымдармен кітапхана сайтының "Ресурстар" бөлімінің "Мерзімді басылымдар" айдарынан таныса аласыздар.

  Мерзімді басылымдар секторы кітапханашы Күлмағамбетова Г.С.

Ай кітабы