Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2018_prezentatsiya_nazarbaev is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2018_prezentatsiya_nazarbaev is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Ағымдағы жылдың 14 наурызы күні кітапханамыздың конференц-залында мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың жүрек төріндегі толғаныстарынан шыққан "Тәуелсіздік дәуірі" атты кітабын оқырманға жақынырақ таныстыру мақсатында "Н.Назарбаев феномен: саяси ұстанымдар мен бастамалар" атты дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараТәуелсіз Қазақстанның құрылу тарихында ерекше орын алатын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қызметі мен шығармашылығына, егемен елдің 26 жылдық тарихында жеткен жетістіктерін сипаттайтын "Дәуір. Тұлға. Қоғам" атты кітап көрмесінен бастау алды.

Қазіргі таңда елімізде кеңінен талқыға түсіп жатқан аталмыш кітап туралы іс-шара қонақтары "Болашақ" Академиясының философия ғылымдарының кандидаты, жалпы білім беру пәні кафедрасының доценті Ф. Саттарова, Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты "Өрлеу" БАҰО" АҚ филиалының басқару және білім сапасы кафедрасының аға оқытушысы Г. Тусупкалиева, "Қоғамдық келісім" ҚММ-нің ғылыми сараптамалық қолдау және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Д. Малаев баяндама ұсынып, өз ойларын көпшілікпен бөлісті.

Ф. Саттарова кітаптың мазмұнын кеңінен ашып, еліміздің Тәуелсіздік кезеңдерін атап көрсетіп, жерімізде қандай ұлы оқиғалар болғандығын саралап берді.

Ал, Г. Тусупкалиева "Тәуелсіздік энциклопедиясы" деген атқа ие болған еңбектің үшінші бөлімі, яғни "Қазақстанның үшінші жаңғыруы" тақырыбында баяндама жасап, мемлекетімізде қолға алынған бағдарламалар мен тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерімізді презентация арқылы шара қатысушыларының назарына ұсынды.

{gallery}material/news/2018_prezentatsiya_nazarbaev{/gallery}

"Бір халық, Бір ел, Бір тағдыр" тақырыбында сөз өрбіткен Д. Малаев елімізде жастардың қазіргі қоғамда өмір сүруіне барынша жағдай жасалып, білім алуларына, жеке кәсіп ашуларына, сондай-ақ тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері қолға алынып жатқандығын атап өтіп, "Болашақ жастардың қолында" немесе "Біз жастарға сенеміз", деген Елбасының атаулы сөзін тағы бір мәрте жас толқынға жеткізді.

Шара барысында "Ахысна" Түрік этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Зарина Сафарова сөз алып, өзінің ата-әжесінің қуғынға ұшырап, Қазақстанға жер аударылып келгендігінен қысқаша мәлімет беріп, осындай бейбіт елде, бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқандығы үшін қазақ халқына, Елбасына алғысын білдірді.

Іс-шара соңында баяндамашылар алғыс хатпен марапатталып, студенттер қауымына оқырман билеті табыс етілді.

Құрметті оқырмандар, "Қазақстандық даму үлгісінің" табиғаты мен эволюциясын, басты ұстанымдары мен қозғаушы күштері сараланған еңбекпен біздің кітапхана қоры арқылы таныса аласыздар. Келіңіздер! Оқыңыздар!

Серікжанова А. сектор басшысы

Ай кітабы