Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/tuganzher is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/tuganzher is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

2018 жылдың 15 қаңтар күні Тәттімбет атындағы өнер колледжінде "Туған жер" бағдарламасы негізінде моральдық‑патриоттық тәрбиені дамыту=Развитие нравственно‑патриотического воспитания на основе прогарммы "Туған жер" атты ақпараттық сағат өткізілді.  Ұстаздарға танымдық бағытта өткізілетін бұл шара – Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауынан басталып, тақырыпқа байланысты ұстаздар қауымына кітапханамыздың қорындағы кітаптар мен мерзімід басылымдар таныстырылды. Сонымен қатар, жолдаудағы басты бағыттар талқыланып, оның ішінде "Адами капитал‑ жаңғыру негізі: Білім берудің жаңа сапасы" атты бөлімге басты назар аударылды.

 2017 жылғы 12 сәуір күні жарияланған Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" атты мақаласы негізінде іске асырылатын "Туған жер" бағдараламасы ақпарат сағаттың  екінші бөлімінде қарастырылып, осы тақараптағы қорымыздағы әдебиеттер мен мерзімді басылымдар ұсынылды. Оның ішінде:  "Ұлт тарихындағы ұлы белес", "Туған жер – тұғырың" атты кітаптарға шолу жасалды. Сонымен қатар "Педагогика", "Психология", "Топ жетекшісі" кітаптары ұстаздарға бұл бағытта  мол мағлұмат беретіндігі айтылып, салт – дәстүріміз бен мәдениетімізді, өнерімізді танытатын "Мәңгі ел", "Дәстүр", "Аңыз адам", "Қазақстан тарихы", "Театр" атты журналдарды колледж оқытушылары мен студенттеріне ұсынылды.

{gallery}material/news/tuganzher{/gallery}

Ақпараттық сағатты қорытындылай келе, кітапхана қызметкерлері кітапханада көрсетілетін қызмет түрлері, оның ішінде onlinе түрдегі қызметтер туралы ақпарат беріліп, қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Ай кітабы