Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауы 10 қаңтарында БАҚ беттерінде жарияланды.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерін айтып қана қоймай, нақты 10 бағыт бойынша маңызды міндеттерді атап көрсетті. Биылғы Жолдаудың ерекшелігін қалың оқырманға жеткізу мақсатында оқу залдары бөлімінде арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кітап көрмесі Жолдаудың мазмұнын ашатын төрт бөлімнен тұрады:

-          Индустрияландыру. Экология. Ақылды технологиялар;

-          Көлік. Құрылыс. Қаржы;

-          Адами капитал. Мемлекеттік басқару. Сыбайлас жемқорлық;

-          Астана – "Ақылды қала".

Әр бөлімнің атауына байланысты кітаптар мен мерзімді басылымдар бетінде жарық көрген материалдар топтастырылған. "Индустрияландыру. Экология. Ақылды технологиялар" атты бөлімде индустрияландыру, ресурстық әлеует және агроөнеркәсіпті дамыту жолдарын айқындайтын кітаптар ұсынылды.

Ал, еліміздің көлік және жүк тасымалдау бағыты, тұрғын үй кешені және құрылыс, мемлекеттік қаржыландыру тақырыптарын ашатын деректер  "Көлік. Құрылыс. Қаржы" бөлімінде жинақталған.

"Адами капитал. Мемлекеттік басқару. Сыбайлас жемқорлық" бөлімінде білім беру ісі, дені сау ұлт, еңбек қабілеттілігі және сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы тың ақпараттар беретін кітаптар және де журнал беттеріндегі бірнеше мақалалар да назардан тыс қалмады.

Елордамызды Еуразияның маңызды орталықтарының қатарына қосу мақсатында Астанамыз өнеркәсіпті дамытатын орталықтың бірі болып саналуда. Осы тақырыпты кеңінен сипаттайтын  "Астана – "Ақылды қала"  бөлімі кітап көрмесінен орын алды.

Құрметті оқырмандар, еліміздің алға қойған мақсат – міндеттерімен таныстыратын Елбасы Жолдауында өздеріңізге берер мол ақпаратын кітапханамыздан алып оқи аласыздар!

Ай кітабы