Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/exhibition/karazhigitov is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Құрметті сайт қонақтары!

Адамзат өмірінде мәңгі жасайтын өнердің бірі - әдебиет. Ол - ең алдымен адамның жанын, сезімін, түйсігін, құштарлығын суреттейді. Бүгінгі қазақ әдебиетімізге өзгеше бір түйсік-түсінігі мен таным дүниесімен, зерделілік сырымен, зергерлік құпиясымен терең үңілген өнер иесінің бірі – Апбаз Қаражігітов.

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Жезқазған қаласы, Ұлытау ауданының құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер одағы Баубек Бұлқышев атындағы сыйлығының иегері, ҚР мәдениет қайраткері А. Қаражігітовтың 90 жылдық мерейтойына кітапхана «Қарымды, қайратты қаламгер» атты виртуалды кітап көрмесін ұсынады.

Осы көрме арқылы А. Қаражігітовтың қаламынан туған әңгіме, повесть, пьеса, публицистикалық-ғұмырнамалық эсселерімен танысасыздар. Көпшілік оқырманға арналған көрмедегі мәліметтер әрдайым жаңа деректермен толықтырылып, жалғастырылып отырады.

Кітапхана Апбаз Баймендеұлын 90 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтайды. Зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз.

Біздің құттықтауға қосылыңыздар!

Апбаз Қаражігітов 1923 жылдың 15 наурызында Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Сарысу ауылында туған.

1953 жылы қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.

Ауылында колхозшы, колхоз есепшісі, мектептерде мұғалім, мектеп директоры болып жұмыс істеген.

1942-1943 жылдары Қызыл Армия қатарында болған.

1970-1984 жылдарда Қарағанды облыстық газетінде тілші, Жезқазған облыстық газетінде бөлім меңгерушісі, 1984-1990 жылдарда Жезқазған балалар театрының әдеби меңгерушісі, 1990-1998 жылдарда Қазақстан Жазушылар одағы Жезқазған облыстық бөлімшесінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарған.

Толығырақ...

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/exhibition/karazhigitov is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

{gallery}material/exhibition/karazhigitov{/gallery}

Толығырақ...

Қаражігітов А. Айхан: Әңгіме // Орталық Қазақстан. - 1981.- 1 ақпан. – 4 б.

Қаражігітов А. Байбосын: Әңгіме // Сарыарқа.- Жезқазған. -  2005. - 25 наурыз. - 10 б.

Қаражігітов А. Бюрократұлы Мансап: Сықақ әңгіме // Жезказганская газета. - 2003.- 5 июля

Қаражігітов А. Қаныш арманы: Деректі әңгіме // Сарыарқа.- Жезқазған. -  2003. - 25, 27 маусым

Қаражігітов А. Қарабет: әңгіме // Қазақ әдебиеті. - 2005. - 11 ақпан. - 13 б., Сарыарқа.- Жезқазған. - 2005. - 28 қаңтар. - 10 б.

Қаражігітов А. Қиқар шал // Сарыарқа. - Жезқазған. -  2007. - 15 маусым. - 12 б.

Қаражігітов А. Қыдыр // Мысты өңір. - Жезқазған. - 2009. - 15 мамыр. - 6 б.

Қаражігітов А. Шоқанның түсі мен өңі: Әңгіме // Сарыарқа.- Жезқазған. - 2004. - 27 ақпан

Қаражігітов А. Шер жұтқан: Қасіретті толғау // Орталық Қазақстан. - 2003. - 10 шілде. - 4 б.; 12 шілде. - 10 б.; 15 шілде. - 6 б.; 17 шілде. - 6 б, Мысты өңір. - Жезқазған. - 2003. - 6, 13, 20 маусым

Қаражігітов А. «Халық жауы» деген жоқ..: «Өмір шырағы» хикаятынан үзінді // Сарыарқа. - 1998. - 22, 23 мамыр

Қаражігітұлы А. Шыбыны шырқыраған жан: Әңгіме // Сарыарқа.-Жезқазған. - 1998.- 14, 18, 20 наурыз

Қаражігітов, А. Ішім толған у мен дерт: жанайқай / А. Қаражігітов // Парасат. - 2011. - 14-16 б.

Толығырақ...

Апбаз Баймендеұлы Қаражігітов // Мұқанұлы Ө. Ұлытаудан қанаттанған қырандар: [естелік] - Алматы : ҚазАқпарат, 2005. – 116-117 б.

Әдеби Қарағанды: Библиографиялық әдебиеттер көрсеткіші // Қарағанды обл. ғылыми-әмбебап кітапханасы; Құраст.: Г.Н.Умбединова.- Қарағанды: б.ж., 2000.- 89 б.- (Облыстық кітапхана-өлкетану орталығы)

Қаражігітов Аппаз (1923 ж.) // Жезқазған: энциклопедиялық анықтама / бас ред. С.Ү. Қожамсейітов. - Алматы : Эверо, 2004. – 298-299 б.

Қаражігітұлы Апбаз // Қазақстан жазушылары: анықтамалық : 75 жыл / құраст. С. Қамшыгер. - Алматы : Ан Арыс, 2009. –  230-231 б.

Қаражігітұлы Апбаз // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр. Анықтамалық. – Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС. 2004 - 182 б.

Толығырақ...

Ішкі категориялар