Щербаков Олег Николаевич

(1925-1945)

Щербаков Олег Николаевич 1925 жылы Украинаның Винница облысында туған. Соғысқа дейін Одесса қаласында тұрды. 9-10 класты Балқаш қаласындағы М.Горький атындағы мектепте оқыды. Каникул кезінде Балқаш мыс зауытының кен байыту цехында слесарь болып жұмыс жасады. 1943 жылы өз еркімен соғысқа аттанды. 1944 жылы танкі мектебін аяқтады. Жаңа құрылған 152-ші Ленинград танк бригадасы құрамында Карель мойнағында алғаш рет соғысқа қатысты. Эстония қаласын азат етудегі ерлігі үшін кіші сержант Щербаковқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1945 жылы 24 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

1945 жылы Германия маңында қаза тапты.

Әдебиеттер:

Щербаков Олег Николаевич (1925-1945) / К. Т. Темірғалиева, Т. Т. Аршабеков // Ерлік даңқы мәңгі өшпейді. – Қарағанды, 2010. – 97 б.

Щербаков Олег Николаевич (1925-1945) // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. Абдулин.- Алматы: Атамұра, 2006.- 559 б.

Щербаков Олег Николаевич // Қаhарман қарағандылықтар = Герои-карагандинцы / гл. ред. Г.Ж. Бабулова. – Қарағанды, 2000.- 141-142 б.

Щербаков Олег Николаевич // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары: энциклопедиялық жинақ. - Алматы: Өнер, 2010. – 270 б.