Токмаков Евгений Петрович

(1916)

Токмаков Евгений Петрович 1916 жылы Чита қаласында туған. Соғысқа дейін ұшқыштар авиаотрядында Қарағандыда болған. 1941 жылы армия қатарына шақырылды, осы жерде әскери ұшқыш мамандығын алды. 1942 жылы соғысқа аттанды. Шені - капитан. 1943 жылы Қызыл жұлдыз орденімен және Александр Невский орденімен, I дәрежелі Отан соғысы орденімен және медальдармен марапатталды. 1944 жылы 13 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен майор, әуе барлаушы Е.П.Токмаковқа Ұлы Отан соғысы майданындағы ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Соғыстан кейін Львов қаласында тұрды.

Әдебиеттер:

Токмаков Евгений Петрович // Совет Одағының Қазақстандық Батырлары: 2 томдық. / құраст. П.С.Белан, Н.П.Калита. - Алматы, 1969. – 2 т. – 303-304 б.

Токмаков Евгений Петрович (1916) / К. Т. Темірғалиева, Т. Т. Аршабеков // Ерлік даңқы мәңгі өшпейді. – Қарағанды, 2010. – 95 б.

Токмаков Евгений Петрович // Қаhарман қарағандылықтар = Герои-карагандинцы / бас ред. Г.Ж. Бабулова. – Қарағанды, 2000.- 118-119 б.

Токмаков Евгений Петрович // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары: энциклопедиялық жинақ. - Алматы: Өнер, 2010. - 238 б.

Токмаков Евгений Петрович // Қарағандылық Совет Одағының батырлары = Герои Советского Союза - Карагандинцы. – Қарағанды, 1990. – 66-67 б.