Теряев Петр Иосифович

(1922-1945)

Теряев Петр Иосифович 1922 жылы Қарқаралы ауданының Ақжол селосында туған. 1940 жылдың желтоқсанында Армия қатарына шақырылып, Орынбор әскери ұшқыштар училищесіне қабылданды. Шені - гвардия майоры. 1943 жылы және 1944 жылы 2 мәрте Қызыл ту орденімен марапатталды. ИЛ-2 ұшағымен 154 рет тапсырманы орындады. 1945 жылы 15 ақпанда Теряев Кенигсберг жерінде, Н.Гастелло мен жерлесі Н.Әбдіровтың ерлігін қайталап қаза тапты. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1945 жылы 19 сәуірде П.И.Теряевқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Батырдың есімімен Қарқаралының бір көшесі аталады.

Семей қаласындағы Теряев оқыған автомеханика техникумына мемориалдық тақта орнатылған.

Әдебиеттер:

Теряев Петр Иосифович (1922-1945) / К. Т. Темірғалиева, Т. Т. Аршабеков // Ерлік даңқы мәңгі өшпейді. – Қарағанды, 2010. – 95 б.

Теряев Петр Иосифович // Боздақтар: Қарағанды облысы = Книга памяти: Карагандинская область: 3 томдық. / бас ред. Р.Н. Нұрғалиев. – Алматы, 1998 – 3 т. – 132 б.

Теряев Петр Иосифович // Боздақтар: Қарағанды облысы = Книга памяти: Карагандинская область: 3 томдық. / бас ред. Р.Н. Нұрғалиев. – Алматы, 1995 – 3 т. – 132 б.

Теряев Петр Иосифович // Қаhарман қарағандылықтар = Герои-карагандинцы / бас ред. Г.Ж. Бабулова. – Қарағанды, 2000.- 121-122 б.

Теряев Петр Иосифович // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары: энциклопедиялық жинақ. - Алматы: Өнер, 2010. - 235 б. Теряев Петр Иосифович // Қарағанды. Қарағанды облысы. – Алматы, 1990. – 548 б.

Теряев Петр Иосифович // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин. – Алматы: Атамұра, 2006. – 508 б.

Теряев Петр Иосифович // Қарағандылық Совет Одағының батырлары = Герои Советского Союза - Карагандинцы. – Қарағанды, 1990. – 62-63 б.

Теряев Петр Иосифович // Совет Одағының Қазақстандық Батырлары: 2 томдық. / құраст. П.С.Белан, Н.П.Калита. - Алматы, 1969. – 2 т. – 291-292 б.

***

Әбдірахманұлы А. Биыл – Ұлы Жеңіске 55 жыл // Қарқаралы. – 2000. – 15 сәуір

Мамыраев М. Ғажайып ерлік // Орталық Қазақстан. - 1975. - 8 май (№ 108). - 2 б.

Оспанов С. Ерліктің өшпес даңқы: Кеңес Одағының Батыры П.И.Теряевтың ерлігіне 60 жыл// Қарқаралы.- 2005.- 12 ақпан.-5 б.

Төлеутаев Ш. Ұлы халықтың ұлы жеңіс // Коммунизм таңы. - 1987. - 9 май (№ 56). - 2 б.

Ұлы Отан соғысының қарқаралық батырлары // Қарқаралы. - 2000. - № 1/2. - 6-7 б.

Фролов П. Литваны азат етуге қатысқан // Коммунизм таңы. - 1989. - 18 февраль. - 4 б