ГРИГОРЬЕВ НИКОЛАЙ МИХАЙЛОВИЧ

(1925)

Григорьев Николай Михайлович 1925 жылы Ярослав облысының Старово деревнясында туды. 1943 жылы әскерге аттанды. Кіші командирлер мектебін 1943 жылы тамызда бітіргеннен кейін майдандағы 65 - ші армияның 354 атқыштар дивизиясына барды. Алғашқыда пулеметші болып, кейіннен ерлік көрсеткені үшін барлау взводы командирінің орынбасарына ауыстырылды. Нарев өзеніндегі ерлігі үшін сержант Григорьевке КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1945 жыл 24-ші наурызда Кеңес Одағынның Батыры атағы берілді. Григорьев Н.М. Жапония жерінде көрсеткен ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.

Соғыстан кейін Жезқазған қаласында Ленин орденді Қаныш Сәтпаев атындағы кен-металлургия комбинатында аға инженер болып жұмыс істеді. 1989 жылы Свердлов облысының Заречный қаласына қоныс аударды.

Әдебиеттер:

 Григорьев Николай Михайлович (1925) / К. Т. Темірғалиева, Т. Т. Аршабеков // Ерлік даңқы мәңгі өшпейді. – Қарағанды, 2010. – 83-84 б.

Григорьев Николай Михайлович //Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары: энциклопедиялық жинақ. - Алматы: Өнер, 2010. – 67-68 б.

Григорьев Николай Михайлович // Қаhарман қарағандылықтар  = Герои-карагандинцы / бас ред. Г.Ж. Бабулова. – Қарағанды, 2000.- 27-28 б.