Әскери-авитор, аға сержант. Қарағандылық елу қыздың қатарында 1942 жылы Саратов облысындағы  Вольск авиатехникалық училищесінде әскери дайындықтан өткен соң жерлесі Мария Ососковамен бірге кейін 1- гвардиялық Минск истребительдер авиакорпусі атанған әскери бөлімге жіберіледі. Ұшақтарды оқтаушы міндетін атқарады. Бірақ Мәскеу түбіндегі шайқастардың бірінде жараланып қалып, емделген соң өз полкіне емес, 78-ерікті бригаданың 256 атқыштыр полкі батальонында санитарлық нұсқаушы болуға тура келеді. Оның жауынгерлік жолы Мәскеу түбінен Германияның Лансберг қаласына дейін жалғасты. Екі рет «Ерлігі үшін» медалімен, басқа да мерекелік медальдармен марапатталды. Соғыстан соң еліне оралып, Қарағанды кен техникумында бастауыш әскери дайындық пәнінен ұстаздық етті. Бұдан соң жиырма жылдай Қарағанды шина жөндеу заводында жабдықтау бөлімінің бастығы болып қызмет атқарады.

Әдебиеттер:

Евдокия Садманова // Лұқпанов Е. Жауынгер қыздар = Боевые подруги / ред. Қ.Ә. Аманбаев. - Қарағанды: [б. и.], 1995. – 38-43 б.

***

Вклад женщин Центрального Казахстана в развитие региона (30-90-е годы ХХ века): монография / Б. Т. Тулеуова [и др.]; Министерство образования и науки Республики Казахстан, Карагандинский Гос. уни-т им. акад. Е. А. Букетова, Научно-исследовательский центр "Тұлғатану". – Караганда: Тенгри, 2016. - 123 с.

Евдокия Садманова // Лұқпанов Е. Жауынгер қыздар = Боевые подруги / ред. Қ.Ә. Аманбаев. - Қарағанды: [б. и.], 1995. – 89-93 б.

Сактаганова З. Г. Женщины Центрального Казахстана в годы Великой Отечественной войны. 1941-1945 гг.: монография / З. Г. Сактаганова, Ж. Ж. Турсынова, А. Ж. Смагулов; Министерство образования и науки Республики Казахстан, Карагандинский Государственный университет им. академика  Е. А. Букетова, Центр этнокультурных и историко-антропологических исследований. - Караганда: Изд-во КарГУ , 2016. - 255 с.