«Бір ел – бір кітап» Республикалық акциясы ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу мен насихаттауға, оқу ісін ілгерілетуге, рухани мұрамызды сақтап, дәріптеуге үлкен септігін тигізеді. 2007 жылдан бері өткізіліп келе жатқан бұл акция оқырман қауымына өте таныс. Жылдың басынан «Жыл кітабы болып қай туынды таңдалады» деген сұрақтар кітапханамызға көптеп түсіп жатады.

23 ақпан күні ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Жыл кітабын анықтау үшін республикалық комиссиясының отырысы өтті. Оқырман алдындағы үлкен міндетті атқару үшін кітапхана атынан ғана емес, жалпы облыс атынан осы жауапты шараға қатысып қайттым.

Кітап – адамзат баласының баға жетпес құндылығы. Білімнің биік белестеріне жетелейтін де осы – кітап.  Жақсы кітаптың бар қазынасын оқырман жүрегіне жеткізу – кітапханашы міндеті. Осыған орай, Қарағанды облыстық Н.В.Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында 2018 жылдың 27 ақпан күні "Алты ауызға сыйғыздым, екі дүние бағасын..." деген атпен "Аманат" кітабының тұсауы кесілді.

Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. 2016 жылы 14 қаңтарда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызда елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, №173 Жарлыққа қол қойған болатын.

Ахмет Байтұрсынов – біріншіден, қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Соңынан із салған жаңашыл ағартушы. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсыновтың әліпбиімен ашып, ана тілін Байтұрсыновтың “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді.

Рәбиға Сыздықова

Әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш Орда өкіметінің мүшесі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 145 жыл.

ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!

Назарларыңызға "Қазақстан - Ұлы Дала Елі" қосымшасын ұсынамыз. Қосымша география, тарих, мәдениет, экономика, туризм және халықаралық қатынастар сияқты кең ауқымды тақырыптарды қамтитын Қазақстанның шынайы ықшам энциклопедиясы болып табылады. Жүздеген бірегей фотосуреттер, бейнеклиптер, 3D нысандар, панорамалар, инфографиктер мен интерактивті карталар және басқа да пайдалы ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған.

Қосымша Қазақстанға туристік немесе іскерлік мақсатпен келуді жоспарлайтын шет ел азаматтары үшін, сондай-ақ туристер, студенттер, зерттеушілер, журналистер мен бизнесмендер үшін таптырмайтын құрал болады.

Қосымшаны AppStore, PlayMarket, Windows және веб-нұсқа арқылы жүктеуге болады.

Қосымшаға келесі сілтеме арқылы өте аласыз: http://bit.ly/28PArej

ҚАЗАҚСТАНДЫ ӘЛЕМГЕ ПАШ ЕТЕЙІК!

Ай кітабы