2007 жылдан бастап қазақ әдебиетін дәріптеу, қоғамның оқуға деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ жастардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту мақсатында елімізде "Бір ел – бір кітап" акциясы өткізіліп келеді.

Тұрғанда сайда жортқан ізі қалды,

Ұмытылмас өмірде ізі қалды.

Өлмейтін, өшпейтұғын, жойылмайтын

Өсиет, жазған өлең, сөзі қалды, - деп 

әлемдік ой алыбы Шәкәрімнің ұлы Ахат Шәкәрімұлының айтқанындай, ғасырларға пара-пар ұзақ жылдардан соң өзі сүйген, өзін сүйген халқына Абай атамыздың ақын інісі, шәкірті, ізбасары Шәкәрім Құдайбердіұлы оралды. Шәкәрім шығармаларының қайнарын зерттеуде, зерделеуде осы күнге дейін қанша жұмыс жасалса, одан сан есе көп жұмыстар өз кезегін күтіп тұрғаны белгілі. Ол-өзі өмір сүрген ортаның қиындығы,саяси ахуалдың шиеленіскеніне қарамастан көп еңбектенген ақын Шәкәрімнің ақындық кредосы туған елінің өсуі,өрлеуі,көркеюіне қызмет етуге "мен жетелеп өлемін өрге қарай қазақты" деген ірі мақсатқа,мүддеге сәйкес келеді. Сөз өнерінің құдіретті күші арқылы ақын қазақ қоғамының жақсаруына,адамдардың жеке басының жетілуіне әсер етуді көздеген.

Бұқар жырау Қалқаманұлы – XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілдерінің бірі. Ол ұзақ өмір сүріп, көптеген тарихи оқиғалардың куәсі болған қазақ жырауы, мемлекет қайраткері 1668 жылдар шамасында туған.

Бұқардың арғы тегі Арғын, оның ішінде Төртуыл Қаржас. Бұқардың әкесі Қалқаман жаугершілік заманда ерлігімен аты шыққан батыр болған.

Бұқар жыраудың өмірі мен шығармашылығы Арқа өңірімен тығыз байланысты. Бірақ та жастық шағы, қандай өмір өткелдерінен өткендігі, туған, өлген жылдары жайында нақты деректер жоқ.

Бұқар жырау ерте кезден көзге түсіп, Тәуке ханның тұсында-ақ (1718 жылы өлген) қабырғалы би болған деседі. Бірақ Абылайға дейінгі билеп келген хандардың ешқасайсымен тіл табыса алмайды. Тек Абылай ханның тұсында жыраудың жұлдызы тағы да жанады, сөйтіп ол хан ордасына оралып, қалған өмірінде мемлекеттік істерге тікелей араласады. Бұқар жырау Қалқаманұлы Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының аумағындағы Далба тауының бір сілемінде жерленген.

Жыл сайын ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен өткізілетін республикалық "Бір ел - бір кітап" акциясы Қазақстанның ұлттық мұрасын насихаттауға,көпшілікке кітап оқуды дәріптеуге бағытталған. Акция тұңғыш рет  2007 жылы Абай Құнанбаевтың "Қара сөздерінен" бастау алды. Биыл Акция тарихында алғаш рет жалпыға бірдей оқу үшін 3 жазушының шығармалары таңдалынып алынды. Олар: Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдері, Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя" повесі, Немат Келімбетовтың "Үміт үзгім келмейді" хикаят-монологы.

Биылғы жыл "Достық=Дружба" республикалық журналына 15 жыл, "Отан тарихы" журналына 20 жыл және "Парасат"  журналына 60 жыл толып отыр.

Бұл басылым беттерінде Қазақстанда орын алып жатқан негізгі деген  қоғамдық, саяси, тарихи және мәдени жаңалықтармен оқып танысуға болады. Сонымен қатар, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы және демократиялық қоғамның қалыптасуы, өрлеу жолдарынан да  хабар алуға мүмкіндік мол.

Ай кітабы