2018 жылдың 4-қыркүйек күні мерзімді басылымдар, абонент және ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері жоспарға сәйкес  №92 мектеп-гимназияда ақпарат күнін өткізді. Мақсаты- ұстаздарды педагогика саласына арналған ғылыми-методикалық журналдар мазмұны мен әдістемелік кітаптармен таныстыру. Қоғамның өзгеруіне байланысты білім беру әдістері де, білім көлемі де үнемі өзгеріп отыратыны заңдылық.  Жаңа технологияларды сабақта қолданудың-тиімділігін  насихат-тайтын мерзімді басылымдар- әдістемелік журналдар. Келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскерлігі мен шығармашылығын еркін дамытуға  жол ашуы үшін  ұстаз әрқашан өз білімін шыңдап, дамытып отыруы тиіс.Бұл ретте мерзімді басылымдар көмекке келеді.

Қазақстанның Ата заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі болып саналады екен.

Расында, бүкіл мемлекеттік құрылымды айғақтайтын, елдіктің бастауы болып табылатын құжат енді ғана 23 жасқа толып отыр. Десе де, осындай алмағайып заманда Қазақстанның Ата заңы уақыттың сынынан сүрінбей өтті, өзінің заман талабына лайықтығын жан-жақты дәлелдеді.

Міне, осы мереке қарсаңында кітапхананың оқу залдары бөлімінде «Ата Заң – ұлттың негізгі заңы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесі үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім ҚР Ата Заңының баптар мен тармақтары жайлы толықтай мәлімет беретін кітаптардан тұрса, екінші бөлімде ҚР Конституциясы туралы түсініктеме беретін кітаптары орналасты. Ал, үшінші бөлімді мерзімді басылым беттерінде заңның үстемдігін қамтамасыз ету жайында мақалалары қамтыды.

Біз - ұлы бабамыз арман еткен біртұтас ұлт, қуатты мемлекет болуды жүзеге асырған бақытты ұрпақпыз.

Бұқар жырау – халық тағдыры таразыға түскен қиын-қыстау жылдарда уәжді сөзімен де, ерлікті дәріптеген отты жырларымен де елді ұйытып, халқымызды басшысының төңірегіне тығыз топтасуға, ата мекенімізді жатжерлік басқыншылардан қорғауға үнін қоса білген үлкен қайраткер тұлға.

Н.Ә.Назарбаев

Ағымдағы жылдың 18 тамыз күні Сарыарқа төсінде орналасқан Бұқар жырау ауданында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында кемеңгер жырау Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығын тойлауға арналған шаралар облыс әкімі Ерлан Қошанов бастаған көмекей әулие кесенесінің басына гүл шоқтарын қою рәсімінен бастау алды. Ұлы тұлғаның мерейтойымен Қарағанды облысының жұртшылығын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құттықтады.

"Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ азаматтық қызметтің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

1.   Кітапханашы, библиограф    -           1 бірлік:

  • · білімі                                           -     жоғары немесе орта кітапханалық;
  • · кітапханашылық еңбек өтілі          -     2 жылдан кем емес;
  • · компьютерлік сауаттылық.

1.2.  Әдіскер                               -              1 бірлік:

  • · білімі                                    -            жоғары немесе орта кітапханалық;
  • · кітапханашылық еңбек өтілі   -           2 жылдан кем емес;
  • · қазақ тілін білу;                     ·          
  • - кітапхана ісін білу, библиографиялауды білу (ДК, Интернетті білуі, , Office бағдарламаларын меңгеру, Web-сайтта жұмыс істей білу)

Конкурсқа қатысуға қажетті ақпаратты мына мекен – жайдан алуға болады: 100000, Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 44,

КММ "Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы".

Телефон: 8-721-2-56-76-55.

18 шілде күні «Кітапханадағы жаз» акциясы аясында кітапхананың конферец-залында латынша Q әрпіне сурет салу шығармашылық дамыту конкурсы өткізілді.

Конкурстың мақсаты: сурет салу және латын әліпбиіндегі Q әрпін оқырман қауымға насихаттау. Конкурсқа Қарағанды қаласының №92 гимназиясының 5-12 жас аралығындағы балалары қатысты. Латын әліпбиіндегі Q әрпін пайдаланып, конкурс қатысушылары Қарағанды қаласының табиғатын негізге ала отырып, өз ойларынан суреттер салды. Сурет салуда әр қатысушының қиялы жоғары екендігін анықтау қиын емес. Себебі, балалардың шеберліктері жан сүйсінерліктей болды.

Болашаққа берілген дұрыс бағыт – бағдардың оңтайлы нәтижесін болашақ ұрпақтан көруімізге болады. Балалардың сурет салудағы ерекшеліктері жұмыс барысында бір – біріне кедергі жасамау, қағаз бетіне түсіретін ойдағы бейнені қаз қалпында салу, нұсқаушыдан жинақы бағыт күту. Міне, осындай өнерлері ұйымдастырушыларды тәнті қылды.

Адамның бойындағы дарынды көре білу де үлкен қасиет дер едім. Кітапханамыздың жас та болса өнерлі, шабытты оқырмандары еліміздің дамуына өз үлестерін осылайша қосуда.

Құрметті оқырман, сіздерді де шығармашылық шабыт, өнерлі қасиеттеріңіз болса, акциямызға қатысуға шақырамыз.

Оқу залдары, кітапханашы Тусупбаева М.

Ай кітабы